Латвияда еуро мен латқа бірдей құнды Паритетті монеталар шығарылады

Фотография - Латвияда еуро мен латқа бірдей құнды Паритетті монеталар шығарылады

Бұл туралы Латвия Банкі баспасөз баянында хабарлады.

150 0

Бүгіннен бастап Латвияда айналымға еуро мен латта бірдей құнды Паритетті монеталар шықты. Бұл туралы Латвия Банкі баспасөз баянында хабарлады.

Жаңа монетаның тиражы 500 мың дана. Оның бет жағында монетаның номиналын білдіретін «1 лат» және «1,42 еуро» деген жазуы бар. Латвия еуроаймаққа кірген соң латтың еуроға шаққандағы бағамы дәл осындай болмақ, - дейді мамандар.

Екі номиналы бар монетаны жасаумен Австрияның Ақша сарайы айналысқан. Ал, дизайн Илмарс Блумбергстікі.

Он екі жыл қатарынан Латвияның Банкі шығарған бірлаттық монеталардың дәуірін Паритетті монеталар аяқтайтын болды. Бұдан басқа мемлекет 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуроаймаққа кірген соң, номиналы екі еуроға тең ерекші дизайнды монеталар шығаруды жоспарлап отыр.

Латвия еуроаймаққа кірген 18 мемлекет болмақ. Оның арнайы аймаққа кіруі 2008 жылдан бастап талқыланып келеді және бірнеше рет дағдарысқа байланысты кейінірек шегерілген. Сондай-ақ, Еуропа мемлекеттерінің ішінен Эстония еуроға 2011 жылдың 1 қаңтарында ауысса, Литва 2015 жылы ауысамыз деп жоспарлап отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!