Қазақстан экономикасы импортқа тәуелді

Фотография - Қазақстан экономикасы импортқа тәуелді

 Бұл туралы "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев Астанада өткен брифинг барысында мәлім етті

366 0

 Бұл туралы "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев Астанада өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz  .

«Кедендік одақ елдерімен саудаға қатысты Президент – «қай мәселеде ұтып, қай мәселеде ұтыламыз, не істеу керектігіне прагматикалық экономикалық есептер, талдау жүргізуді» тапсырды.Үкімет тарапынан мұндай есептер туралы әзірше анық ештеңе жоқ. Алайда, «Ақ жолдың» сарапшыларымен а.ж. маусымында-ақ талдау жүргізілген болатын, онда: Қазақстан жылдан жылға КО-тың басқа елдерімен салыстырғанда сауданың теріс сальдосын алуды жалғастырып келгенін көрсетеді: 2011 жылға ол 8,8 млрд.долларға, ал 2012 жылға - қазірдің өзінде 10,9 млрд. долларға өскен. Сонымен қатар, «алшақтық» беталыс ұлғайып барады, онсыз да артта қалып отырған қазақстандық экспорттың жалпы сомасы төмендеп келеді, ал импорттың басымдық сомасы өсуін жалғастыруда. Сараптама жасау үшін таңдалып алынған ірі позициялардың әрқайсысы жылына1 50 млн. доллардан астам көлеміндегі өзара саудадан, Қазақстан 92-ден тек 17 позиция бойынша ғана тұрақты оң сальдосы бар. Яғни, осы тізімдегі өнімдердің түрлерінің қалған 82 % бойынша біздің экономика, тіпті Кедендік одақтың шеңберінің өзінде импортқа тәуелді болып табылады», - деп Азат Перуашев ел экономикасының осал тұстарын басып айтты.

Сондай-ақ ол, сараптама нәтижесі бойынша нақты мысалдар келтірді. Атап айтатын болсақ, елімізде 2012 жыл ішінде нан, нан-тоқаш кондитерлік өнімдер импортты 76 %-ға өссе, экспортты 9 %-ға төмендепті. Химиялық және минералды тыңайтқыштар импортты 29 %-ға артып, экспорт 100 %-ға толық қысқарған. Ал, трубалар қара металлдан өзгелер экспортты 100 %-ға құлдыраса, импорт 5 есе артқан. Қара металлдан металконструкциялар экспорттының төмендеуі 25 %-ға, импорттың өсуі 54 % құраған. Вагондар импорты 35 %-ға өскенде, экспорт 6 есеге төмендеген. Темір жолдың жол жабдықтары импорты 2,2 есеге өскенде, экспорт 100 %-ға толық қысқартылған. Жеңіл автокөліктер экспорты 103 есеге құлдыраған, импорт 3 есеге артқан. Арнаулы мақсаттағы транспорт құралдары экспорты 3,3 есеге төмендеген, импорт 24 %-ға көтеріліпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!