2023 жылы Қытай мен Түркия арасындағы сауда айналымы 100 млрд долларға жетеді

Фотография - 2023 жылы Қытай мен Түркия арасындағы сауда айналымы 100 млрд долларға жетеді

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» ІІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мәлімдеді.

189 0

2023 жылы Қытай мен Түркия арасындағы сауда айналымы 100 млрд долларға жетеді. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» ІІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мәлімдеді.

«Жезқазған –Бейнеу» темір жолы құрылысы жобасын жүзеге асыру, Ақтау портын кеңейту, Карс –Ахалкалаки темір жол учаскесі құрылысын аяқтау, Босфор бұғазы арқылы өтетін туннельді пайдалануға беру және Қытай мен Түркия арасындағы сауда айналымының 2012 жылғы 24 млрд доллардан 2023 жылға қарай 100 млрд долларға дейін арттыру Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Оңтүстік Еуропа елдерінің аумағы арқылы өтетін көлік дәлізінің кеюіне ықпал етеді», - деді А.Мамин.

Ол жаңа Өзен – Қорған темір жол желісі арқылы өтетін дәліз Жаңа Жібек жолының стратегиялық буыны болып табылатынын айтты.

«Жаңа Өзен – Қорған темір жол желісімен Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай, Түркіменстан, Иран және Персия шығанағы елдерін байланыстыратын көлік дәлізі Жаңа Жібек жолының статегиялық буыны болып табылады. Оның әлеуеті жылына 15 млн тоннадан астам жүкке теңеліп отыр», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Астанада «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» атты ІІ Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форум өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей мен Грузия ұлттық темір жол компанияларының басшылары, ЕО және ТМД жетекші көліктік және логистикалық кәсіпорындардан 300-ден астам делегат қатысуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!