Twitter акциялары 80 пайыз қымбатқа сатылды

Фотография - Twitter акциялары 80 пайыз қымбатқа сатылды

Бейсенбіде Нью-Йорк қор биржасында алғаш рет саудаға ұсынылған Twitter компаниясы акцияларының бағасы бастапқы құнынан 81 пайызға қымбатқа сатылды. Сауда басталған кезде сұраныс артып, әрбір акция 47 доллардан өтті. Ал биржа жабылар алдында оның бағасы 44,9 долларды құрады

128 0

Бейсенбіде Нью-Йорк қор биржасында алғаш рет саудаға ұсынылған Twitter компаниясы акцияларының бағасы бастапқы құнынан 81 пайызға қымбатқа сатылды. Сауда басталған кезде сұраныс артып, әрбір акция 47 доллардан өтті. Ал биржа жабылар алдында оның бағасы 44,9 долларды құрады.

Биржа саудасына дейін компания акциясының бағасы 26 доллар деп жариялаған еді.

Осылайша, алғашқы сауда нәтижесінде компанияның құны 31 миллиард долларға бағаланды. Бірақ компания қазіргі уақытта шығынмен жұмыс істеп отыр - 2010 жылдан бері 440 миллион зиян шеккен. Сол себепті инвесторлар арасында оның болашағына күмәнмен қарайтындар да бар.

2006 жылы наурызда құрылған америкалық Twitter компаниясының шағын блогтар платформасы бүгінде интернетте ең танымал әлеуметтік желілердің біріне айналған. Оның қызметін қазір әлемде 230 миллионнан аса адам пайдаланады. Бұл әлеуметтік желіні қазақстандықтар да қолданады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!