Биткоиннің бағамы 300 доллардан асты

Фотография - Биткоиннің бағамы 300 доллардан асты

Mt Gox мамандандырылған биржадағы сауда-саттық нәтижесі бойынша 1 биткоиннің бағамы 300 доллардан асып жығылды

182 0

Mt Gox мамандандырылған биржадағы сауда-саттық нәтижесі бойынша 1 биткоиннің бағамы 300 доллардан асып жығылды. Marketwatch-тың хабарлауынша, 7 қарашадағы күндізгі сауда-саттықта оның бағамы 321 долларды құрап, кейіннен 311 долларға дейін төмендеп, сол бағаны тұрақты ұстап қалған. Мамандардың айтуынша, бұл биткоиннің тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш.

Ең алғаш рет вертуалды валютаның құны 6 қарашада 272 долларға дейін көтерілген. Соңғы бір жетіде биткоин 44,6%-ға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, оның мұншалықты қымбаттауы халық арасында кеңінен таныла бастауымен тікелей байланысты. Жалпы «жаңа алтынның» құны соңғы екі аптада 50 доллардан 140 долларға дейін өсіпті.

Bitcoin — өзімен аттас вертуалды валютаны пайдаланатын пирингті электронды төлем жүйесі. Ол алғаш рет 2009 жылы іске қосылған. Биылғы жылдың сәуір айында оның жалпы көлемі АҚШ-та 1 млрд. долларға жетті. Алайда, осыған қарамастан биткоиннің бағамы тұрақсыз. Осы көктемде 1 биткоин 250 доллар тұрса, кейіннен ол бірден құлдырап кетті. Сөйтіп, вертуалды валютаның бағамы 100 долларданда төмен болды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!