Ағымдағы жылдың 9 айының өзінде игерілмеген қаржы көлемі 303 млрд. теңгені құрады

Фотография - Ағымдағы жылдың 9 айының өзінде игерілмеген қаржы көлемі 303 млрд. теңгені құрады

Ағымдағы жылдың 9 айының өзінде игерілмеген қаржы көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев айтты

163 0

Ағымдағы жылдың 9 айының өзінде игерілмеген қаржы көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев айтты.

11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы тарапынан 22-ден астам сын Министрлер кабинеті тарапына айтылғандығын атап өткен ол: «Оның 80 пайыздан астамы бюджеттің төңірегіндегі сын-ескертпелер еді. Қаржы игерілімі, бюджет жоспарлау мәселесі, бюджеттегі шығындар, салынған нысандардың құнының артуы, тіпті, мемлекеттік сатып алулар болсын, осының барлығында жіберілген кемшіліктер тікелей бюджеттік процестерге байланысты», - деді.

Депутаттың алға тартқан деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айының өзінде игерілмеген қаржы көлемі 303 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 125 млрд. теңгесін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, ал 170 млрд. теңгені жергілікті атқарушы органдар игере алмауда.

«Салыстыру үшін айта кетейін, Есеп комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы 166 млрд., ал 2012 жылы 100 млрд. теңге игерілмей қалған», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!