«Исламдық қаржы және инвестиция бойынша жаһандық топ» құрылды

Фотография - «Исламдық қаржы және инвестиция бойынша жаһандық топ» құрылды

Британ билігі ислами қаржы саласын жаңа деңгейге көтеру үшін «Ислами қаржы және инвестиция бойынша жаһандық топ» (GIFIG) құрды.

221 0

Британ билігі ислами қаржы саласын жаңа деңгейге көтеру үшін «Ислами қаржы және инвестиция бойынша жаһандық топ» (GIFIG) құрды.

Аталмыш топқа Ислам ынтымақтастық ұйымының (OIC) жоғары лауазымды тұлғалары мен реттеуші органдарының өкілдері мүшелікке енді. Бұл топқа сыртқы саясат ведомствасының мемлекеттік министрі, баронесса Саида Варси (Saeeda Warsi) жетекшілік ететін болды.

Өткен сейсенбіде WIEF-нің ашылу салтанатында сөз сөйлеген британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон GIFIG-нің құрылғанына разылығын білдіріп, Ислам әлемінің қаржы құюына қолайлы ел болуына Ұлыбританияның күш салатынын жеткізді.

Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, GIFIG-ке Кувейттің, Бахрейннің, Катардың, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Малайзияның орталық банк басшылары, ислами қаржы мекемелерінің негізгі тұлғалары, алдыңғы қатарлы сарапшылар мен мамандары кіреді.

Аталмыш топтың алғашқы мәжілісі британ билігінің қолдауымен 2014 жылдың қаңтар айында өтеді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!