Кaspi халыққа несие беретін ең ірі банк атанды

Фотография - Кaspi халыққа несие беретін ең ірі банк атанды

Қазақстанның несиелеу нарығының жарты жылдық қаржылай қорытындысы бойынша Кaspi халыққа несие беретін ең ірі банк атанды. Оның бөлшек несие нарығындағы үлесі 15%-ға жетті.

286 0

Қазақстанның несиелеу нарығының жарты жылдық қаржылай қорытындысы бойынша Кaspi халыққа несие беретін ең ірі банк атанды. Оның бөлшек несие нарығындағы үлесі 15%-ға жетті.

Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл ЕДБ қоржындарындағы бөлшек несиенің үлесі 27%-дан 31%-ға дейін көбейді. Төрт банкте қазірдің өзінде бөлшек несиенің қоржындағы үлесі 50%-дан жоғары. Бір жыл бұрын мұндай банктер саны үшеу болатын.

Ең қарқынды көрсеткішке Kaspi банкі ие. Бұл банк 1 жыл ішінде бөлшек несие көлемін 213 млрд теңгеге өсірді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бөлшек несие нарығында банктің жалпы өсімі басқаларға қарағанда 250 млрд теңгеге артық. Биыл банктің жалпы несие қоржыны 472 млрд теңгеге жетіп, өсім - 82%-ды құрады.

Халыққа несие беруде елеулі өсім көрсеткен тағы бір банк - Еуразия банкі. Ол несие қоржынын 100 млрд теңгеге немесе 78%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, оның нарықтағы үлесі 5%-дан 7%-ға дейін өсті.

Ал, үшінші нәтиже көрсеткен Халық Банкі бөлшек несие қоржынын 61 млрд теңгеге көбейтті. Оның жалпы несие қоржыны 366,6 млрд теңге болса, өсім 20%-ды құрады.

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдыққа қаржылық есебін елімізде 25 банк ашық жариялады. Оның ішінде бөлшек қарыздар көлемі туралы ақпаратты 20 банк ұсынды. Бүгінде бұл топқа нарықтың 89%-ы немесе 2,8 трлн теңге тиесілі. Зерттеуге негіз ретінде осылардың қаржылай көрсеткіші алынды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!