Қостанай облысында POS-терминалдар саны бір жылда 69 % артты

Фотография - Қостанай облысында POS-терминалдар саны бір жылда 69 % артты

Бұл туралы облыстық әкімшілікте өткен жиында «ҚР Ұлттық банкі» облыстық филиалының директоры М.Жұмашев айтты.

194 0

Қостанай облысында POS-терминалдар саны бір жылда 69 %-ға артты. Бұл туралы облыстық әкімшілікте өткен жиында «ҚР Ұлттық банкі» облыстық филиалының директоры М.Жұмашев айтты.

«Өткен жылмен салыстырғанда POS-терминалдар саны бір жылда 69 %-ға, банк киосктері 4 есе, банкоматтар саны 1,5% артқан. Сонымен қатар төлем карталарын қолданатын құрылғылар орнатқан сауда кәсіпорындарының да қатары өсті»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қазір облыстағы кәсіпкерлердің көпшілігі мұндай терминалдардың қажеттігін түсінген. «Алайда, бұл жұмыс ойдағыдай жүргізілмей отыр. Бір жағынан банктер өз клиенттерін тиісті құралмен қамтамасыз ете алмау проблемасы бар, ал кәсіпкерлер болса терминалдар «бизнесті таза жүргізуді» қажет ететінін алға тартады. POS-терминалдарды қолдану уақыты шегерілгенімен кәсіпкерлерге дер кезінде аталған жабдықты алу керектігін естеріне саламыз»,-деді М.Жұмашев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!