Жанармай қымбаттамайды

Фотография - Жанармай қымбаттамайды

Жаңа жылдың І-ші тоқсанының соңына дейін Қазақстанда жанар-жағар май бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді

277 0


Жаңа жылдың І-ші тоқсанының соңына дейін Қазақстанда жанар-жағар май бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. 

Оның мәліметінше, қазіргі кезде Қазақстанда ең көп сұранысқа ие Аи-92/93 маркалы бензинді тұтынудың жылдық ауқымы 2,6 миллион тоннаны құрайды.

–Оның ішінде 30 пайыздайы Ресей бензинінің импорты есебінен жабылады. Бұл ретте аталған марканың бөлшек саудадағы бағасы Ресейде Қазақстандағыдан әр литрі үшін 30 теңгеге немесе шамамен 20 пайызға қымбат,–деді министр.

Жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауын болдырмау үшін мемлекеттік реттеу енгізілгенін жеткізген Ұзақбай Қарабалин «жыл бойы ең көп тұтынылатын бензин маркасы мен дизелді отын бағасын өзгермеді деп айтуға болатынын» мәлім етті. Бұл ретте ол әлемдік нарықта мұнай бағасының құны қымбаттағанын, сондай-ақ темір жол және басқа да көліктік тасымал құнының да 40 пайыздан артыққа көтерілгенін алдан тартты - деп хабарлады  baq.kz

–Жыл соңына дейін мұнай өнімдері бағаларының көтерілуі күтіліп отырған жоқ!–деп сендірді Мұнай және газ министрі,–2014 жылдың бірінші тоқсанына да біз осындай болжам жасап отырмыз.

Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспанов мемлекеттік реттелетін жанар-жағар май түрлерінің шекті бағасын көтеру қарастырылып отырмағандығын, ол ол ма, тіпті Аи-92/93 маркалы бензин бағалары тіпті төмендеуі де мүмкіндігін мәлімдеген болатын. Бүгінгі уақытта Аи-92/93 маркалы бензин әр литрі үшін 115 теңге тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!