Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Фотография - Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Осыдан 20 жыл бұрын 1993 жылдың 12 қарашасы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, 15 қараша күні Теңге айналымға енді

1282 0

Бүгін қазақстандық теңгеміздің туған күні.

Осыдан 20 жыл бұрын 1993 жылдың 12 қарашасы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, 15 қараша күні Теңге айналымға енді.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сауық Тәкежанов ұсынған.

Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов, Хайрулла Ғабжәлилов.

Тәуелсіздігіміздің айғағы, берік тірлігіміздің куәсі болып табылатын теңгенің дизайнына шетелдік ірі мамандар жоғары баға бергендігін айта кеткен жөн.

Ал 1997 жылғы 13 қарашадағы Президент Жарлығымен «Ұлттық валюта күні» еліміздегі Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!