Қ. Келімбетов: Бiрыңғай валютаны енгізу әлі ерте

Фотография - Қ. Келімбетов: Бiрыңғай валютаны енгізу әлі ерте

Валюта саласындағы ықпалдасу мәселелері бірталай жұмыстарды талап етедi және оны іске асырудың келешегі бұлыңғыр. Бұндай пікір бүгін Алматыда Ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтылды

177 0

Валюта саласындағы ықпалдасу мәселелері бірталай жұмыстарды талап етедi және оны іске асырудың келешегі бұлыңғыр. Бұндай пікір бүгін Алматыда Ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтылды.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Ұлттық банк ықпалдасу үдерістерінің шегінде Біртұтас экономикалық кеңiстiк (БЭК) елдерiнiң орталық банктерімен белсенді ынтымақтасуда. Бағамдық саясатты үйлестіру мақсатында 2012 жылдан бастап құрамына орталық банктердiң басшылары кiретiн БЭК қатысушы-мемлекеттердiң орталық банктерінің валюталық саясаты жөніндегі консультациялық кеңес жұмыс iстейдi. Бұл ретте қаралатын мәселелердің негiзгi бөлігі орталық банктердiң ақша-несие саласындағы iс-әрекеттері жөніндегі ақпаратпен алмасу және өзара консультацияларды жүзеге асырумен байланысты.

«Қазіргі кезеңде бiздiң көршiлеріміздің ақша, қаржы және валюта нарығындағы iс-әрекеттерін дұрыс бағалауды және түсiнудi қалыптастыру барынша маңызды болуда. Бұл ретте одан әрi ықпалдасу мәселелері, оның ішінде валюта саласындағы ықпалдасу мәселелері бірталай жұмыстарды талап етедi және оны іске асырудың келешегі бұлыңғыр. Қазақстанда бiрыңғай валютаны енгізу мәселелері бойынша ешбір міндеттемелер жоқ және олар қол қойылған ықпалдасу құжаттарының мазмұнында және сипатында белгіленбеген», - дейді Қ.Келімбетов. Бас банкирдің сөзіне қарағанда, бiрыңғай валютаны енгізу - бұл тек қана ақша-несие өлшемдерiн ғана емес, сондай-ақ бiрыңғай салық-бюджеттік саясатты келiсуді талап ететiн ұзақ және күрделi үдеріс. Ықпалдасудың мұндай дәрежесi туралы айту ертерек. Еуропа Одағы бiрыңғай валюта еуроға 50 жылда келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!