Еуропадағы бірқатар банктер банкротқа ұшырауы мүмкін

Фотография - Еуропадағы бірқатар банктер банкротқа ұшырауы мүмкін

Еуроодаққа мүше мемлекеттерінің қаржы министрлері Брюссельде өткен басқосуда бірауыздан осылай мәлімдеді.

229 0

Еуроодаққа мүше мемлекеттерінің қаржы министрлері Брюссельде өткен басқосуда бірауыздан осылай мәлімдеді.

Министрлердің пайымынша, елдегі банк секторының жұмысын ретке келтіру керек. Келер жылы кәрі құрлықтағы бірқатар банктерді қайта қаржыландыру үшін кем дегенде 100 млрд. еуро қажет. Ал, қаржыландыру уақытылы жүргізілмесе, кейбір қаржы институттары банкротқа ұшырауы мүмкін.

Бүгінде Еуроодақ, Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық Орталық банк елдің қаржылай жағдайын түзеу үшін Испанияға 40 млрд, ал Ирландияға 70 млрд. еуро бөлген болатын. Бұл екі елдің жағдайы уақылыты көрсетілген көмектен біршама түзеліп қалды. Тіпті, олар енді қосымша қаржыландыруға зәру емеспіз деп отыр. Ал, Грекияның жағдайы мәз емес сияқты. Мемлекеттің қаржы министрі алқалы жиында халықаралық кредиторлардан тағы да ақшалай көмек сұрады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!