Әлемнің көлеңкелі банк секторы 71 трлн. долларды құрады

Фотография - Әлемнің көлеңкелі банк секторы 71 трлн. долларды құрады

Бүгінде әлемнің көлеңкелі банк секторы 71 трлн. долларды құрады. Оның 68%-ы АҚШ пен Еурооддаққа тиесілі. Бұл туралы FSB қаржылай тұрақтылық бойынша кеңесі хабарлады.

152 0

Бүгінде әлемнің көлеңкелі банк секторы 71 трлн. долларды құрады. Оның 68%-ы АҚШ пен Еурооддаққа тиесілі. Бұл туралы FSB қаржылай тұрақтылық бойынша кеңесі хабарлады.

Кеңес дерегіне сенетін болсақ, 2012 жылы көлеңкелі банк секторы 5 трлн. долларға өсіп, 71 трлн. долларға дейін жеткен. Бұл дегеніңіз, ішкі жалпы өнімнің 117%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш 2002 жылдары ІЖӨ 87%-ды, дағдарыс алдында 124%-ды көрсетті.

Егер әлем бойынша қаржы активтерінің 47%-ы банктердің меншігінде болса, 30%-ы зейнетақы мен сақтандыру қорларының, орталық банктар мен мемлекеттік қаржы институттарына тиесілі. Ал, жаһандық қаржы активтерінің 24%-ы көлеңкелі банкингтің иелігінде.

Құрылым бойынша көлеңкелі банкингтің ең көп бөлігі үлеспұлдық инвестициалық қорлардың 15%-ын құраса, құнды қағаз қорына 12%-дан, делдалдық-дилерлік секторға 12%-дан, қаржы компанияларына 8%-дан, қаржы нарығының қорына 6%-дан келеді.

Жалпы, көлеңкелі банкингті заңсыз іс-әрекеттер қатарына жатқызуға болмайды. Ол тек іс-жүзіндегі банк секторларын қадағалайтын жүйеден тыс қаржы институттарының несие беруі болып табылады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!