Ұлттық Банктің халықаралық резервтері азайды

Фотография - Ұлттық Банктің халықаралық резервтері азайды

Бұл туралы бас банктың баспасөз қызметі хабарлады.

124 0

Биылғы жылдың қазанында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері азайды. Бұл туралы бас банктың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 23,7 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 1,9%-ға азайып, жыл басынан бері 16,2%-ға төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,0%-ға азайып, 23,2 млрд. АҚШ долларын құраған. Ал, жыл басынан бері 16,2%-ға төмендеген.

Ішкі валюта нарығында валютаны сату, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық 3 қордың активтерін толықтыру, банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның келіп түсуімен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде 2013 жылғы қазанда таза валюта қорлары (ЕАВ) 3,2%-ға төмендеп, алтындағы активтер оның әлемдік нарықтарда бағасының төмендеуі салдарынан 1,6%-ға өсті.

2013 жылғы қазанда елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 92,4 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 1,8%-ға ұлғайып, жыл басынан бері 7,3%-ға өсті. Ал, дәл осы айдағы ақша базасы 0,2%-ға тарылып, 2776,3 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2745,3 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға тарылды.

2013 жылғы қыркүйекте ақша массасы 11558,3 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға көбейіп, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1453,6 млрд. теңгеге дейін, яғни 1,0%-ға төмендеді. Жалпы жыл басынан бері ақша массасы 9,8%-ға өссе, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 4,9%-ға төмендеді. Банк жүйесіндегі депозиттер қыркүйекте 10104,7 млрд. теңгеге дейін 2,2%-ға, жыл басынан бері 12,3%-ға өсті. Ақша мультипликаторы 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте тіркелген ақша базасының тарылу аясында ақша массасының өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 4,15-ге дейін өсті.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!