Экономиканы несиелендіру жыл басынан 9,8% артты

Фотография - Экономиканы несиелендіру жыл басынан 9,8% артты

Банктердің экономиканы несиелендіруінің жалпы көлемі 2013 қыркүйекте 10935,7 млрд. теңгені құрап, 1,4% өссе, жыл басынан 9,8% артты

188 0

Банктердің экономиканы несиелендіруінің жалпы көлемі 2013 қыркүйекте 10935,7 млрд. теңгені құрап, 1,4% өссе, жыл басынан 9,8% артты.

Ұлттық валютадағы несиенің көлемі 7694,3 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайса, жыл басынан бері өсім 9,3% құрады. Шетел валютасындағы несие көлемі 3241,4 млрд. теңгеге дейін 2,2%-ға өссе, жыл басынан бері 11,1% ұлғайды. Жалпы теңгедегі несиелердің үлес салмағы бір айда 70,6%-дан 70,4%-ға дейін төмендеді.

Ұзақ мерзімді несиелеу 2013 жылғы қыркүйекте 8908,0 млрд. теңгені құрап, 1,1%-ға көтерілді, қысқа мерзімді несиелеу 2027,7 млрд. теңгеге дейін 3,0%-ға өсті. Ұзақ мерзімді несиелеудің үлес салмағы бір айда 81,7%-дан 81,5%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 2013 жылғы қыркүйекте 7487,4 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға артты, жеке тұлғаларға несиелер 3448,3 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 31,3%-дан 31,5%-ға дейін көбейді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 2013 жылғы қыркүйекте 1384,3 млрд. теңгеге дейін 5,4%-ға төмендесе, жылдың басынан бастап төмендеу 2,0% құрады. Бұл экономикаға берілген несмиелердің жалпы көлемінің 12,7% - деп хабарлады  baq.kz

Салалар бойынша банктердің экономикаға берілген несиелерінің анағұрлым айтарлықтай сомасы саудаға – 19,7%, құрылысқа - 12,8%, өнеркәсіпке - 11,5%, көлікке - 3,4% және ауыл шаруашылығына - 3,2% тиесілі.

2013 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,5%, жеке тұлғаларға – 19,6% болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!