«ҚазМұнайГаз» әлемнің ең ірі 50 мұнай компанияларының қатарында

Фотография - «ҚазМұнайГаз» әлемнің ең ірі 50 мұнай компанияларының қатарында

Energy Intelligence Group маркетингтік компаниясы әлемнің ең ірі 50 мұнай компанияларының тізімін жариялады. Бұл рейтингте қазақстандық «ҚазМұнайГаз» АҚ 34-ші орыннан 33-ші орынға көтерілген

354 0

Energy Intelligence Group маркетингтік компаниясы әлемнің ең ірі 50 мұнай компанияларының тізімін жариялады. Бұл рейтингте қазақстандық «ҚазМұнайГаз» АҚ 34-ші орыннан 33-ші орынға көтерілген.

Рейтингті жариялаған компания өкілдерінің айтуынша, бағалау басты 6 талап бойынша жүргізілген. Ең алдымен компаниялардың мұнай өндіру мен қоры, оны қайта өңдеу қуаттылығы және сату көлемі мен қаржы көрсеткіштері есепке алынған. Energy Intelligence рейтингісінің басты ерекшелігі ол негіз ретінде өндіріс көрсеткіштерін алады. Яғни, ол үшін компанияның қаржы көрсеткіші соншалықты маңызды емес. Керісінше мұнай және газды өндіру, оларды өңдеу, сату сияқты көрсеткіштері басты назарда.

Жалпы алғашқы ең үздік жетілікте өткен жылдан бастап еш өзгеріс жоқ. Мұнда бірінші орынға Біріккен Араб Әмірліктерінен Saudi Aramco жайғасса, одан кейін рет-ретімен ирандық NIOC, америкалық Exxon Mobile, қытайлық CNPC, венесуэлалық PDV, британдық BP және нидерландық Royal Dutch Shell орналасқан.

Негізі алғашқы ондықта өз көрсеткіштерін ресейлік Газпром жақсартып отыр. Ол америкалық Chevron мен француздардың Total компанияларын басып озып, 10-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді. Ал, үздік жиырмалыққа ТМД елдерінен тек ресейлік Lukoil мен Роснефть іліге алған. Олар 15 және 16 орында. Жалпы үздік елуліктің қатарына Ресейдің басқа компанияларыда енгізіліпті. Мәселен, орыстардың Сургутнефтегазы 27-ші орыннан 26-шы орынға, THK-BP компаниясы 30-шы орыннан 27-ге, Новатэк болса 38-ден 37-ге көтерілген - деп хабарлады  baq.kz

Үздіктер қатарында қазақстандық «ҚазМұнайГаз»АҚ өз орнын тауыпты. Ол 34-ші орыннан 33-ке көтерілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!