2013 жылы экономикалық өсiм шамамен 6%-ды құрайды - С.Ахметов

Фотография - 2013 жылы экономикалық өсiм шамамен 6%-ды құрайды - С.Ахметов

2013 жылы экономика өсiмi шамамен 6%-ды құрайды деп болжануда. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов «Сарапшы-200-Қазақстан» iрi бизнестiң V экономикалық форумы аясында мәлiмдедi

182 0

2013 жылы экономика өсiмi шамамен 6%-ды құрайды деп болжануда. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов «Сарапшы-200-Қазақстан» iрi бизнестiң V экономикалық форумы аясында мәлiмдедi.

«Елдегi макроэкономикалық тұрақтылыққа бағытталған Үкiметтiң барлық iс-шараларын қарастыру бiздiң жұмыстың басты құраушысы болып табылады. Егер болжайтын болсақ , онда 2013 жылы экономика өсiмi шамамен 6%-ды құрайды және инфляция төмен болады деп отырмыз. Жыл соңына дейiн инфляция 6% шамасында болады деп күтiлуде. Бұл iстi бастап, келесi жылы жұмыс жасау үшiн жаман жағдай емес деп санаймын. Макроэкономикалық тұрақтылық бюджеттiң толтырылуына, соңғы жылдары қабылданған бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкiндiк бередi»,-деді С.Ахметов.

Премьер-министрдiң айтуынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылық саласы да жақсы көрсеткiштер қол жеткiздi - деп хабарлады 

«2012 жылмен салыстырғанда биылғы жылы ауыл шаруашылығы да жақсы дамып келедi. Бүгiнгi күнi дихандар 21 млн тонна бидай жинады. Бұл мал шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiң өзге де салаларының дамуына негiз болады деп ойлаймын», - дедi Үкiмет басшысы.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!