«Cамұрық-Қазына» жыл соңына дейін қызметкерлерінің штатын қысқартады

Фотография - «Cамұрық-Қазына» жыл соңына дейін қызметкерлерінің штатын қысқартады

Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

146 0

«Cамұрық-Қазына» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкес келу мақсатында өз құрылымын оңтайландыру жұмысын жалғастыруда. Осы жылдың соңына дейін орталық аппаратта бірқатар лауазымдарды қысқарту және жою көзделіп отыр. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

"Әрбір басқарушы директор жұмыстың нақты бағытына жауап беретін болады", - , деді мемлекеттік холдингтің Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Біздің ойымызша, 2014 жыл серпінді жобалар мен нәтижелерді жақсарту жылы болуы тиіс. Біз халықаралық деңгейде бірқатар маңызды мамандарды, атап айтқанда тәуекелді, HR-ды және жобаларды басқаратындарды жалдауды жоспарлап отырмыз», - деді Ө. Шөкеев жұма, 22 қарашада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының тәуелсіз директорларымен кездесуінде.

Ол холдинг құрылымына кіретін компанияларды «бүкіл артық құрылымдардан арылуға» шақырды. «Ешбір нақты ісі жоқ президенттердің, ойдан шығарылған атқарушы және басқарушы директорлардың қажеті жоқ», - деді Ө. Шөкеев.

Сонымен қатар ол компаниялар тобындағы барлық қызметкерлерге арналған қолданыстағы пайдалы әсер коэффициентін қайта қарауды тапсырды. «Қандай да бір мақсаттарға қол жеткізуге адамдар тырысуы үшін пайдалы әсер коэффициенті айтарлықтай өршіл болуы тиіс. Егер ол соншалықты қол жетерлік болса, онда біз жыл сайын қызметкерлерге үш жалақы төлеуге тиіс боламыз, алайда бұл ешкімді де ынталандырмайды», - деді Ө. Шөкеев.


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!