Ислам экономикасының өсу көрсеткіші әлем бойынша 6,7 трлн долларға жетті

Фотография - Ислам экономикасының өсу көрсеткіші әлем бойынша 6,7 трлн долларға жетті

Жаһандық ислам экономикасының өсу қарқыны ақшаға шаққанда 6,7 трлн долларға жетті

240 0

Жаһандық ислам экономикасының өсу қарқыны ақшаға шаққанда 6,7 трлн долларға жетті.

Бұл көрсеткіш АҚШ пен Қытайды есептемегенде әлемнің кез келген елінің экономикасынан әлдеқайда жоғары болып табылады. Бұл жайында Дубай билігінің ақпараттық-консалтингтік Thomson-Reuters агенттігімен бірігіп әзірлеген арнайы зерттеу қорытындысында айтылған, деп жазады muslim.kz сайты.

Сайттың жазуынша, аталмыш зерттеуге қатысты баяндама бүгін, яғни, қараша айының 25-і күні Дубайда өтетін жаһандық ислам экономикасына арналған саммитте оқылады.

Баяндамада айтылғандай, мұсылмандардың азық-түлік пен халыққа қажетті тауарларды тұтыну, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге көрсетілетін қызметтерге жұмсайтын шығыны өткен жылы 1,2 трлн долларды құраған. Болжам бойынша, бұл шығын көрсеткіші 2018 жылға қарай 2,47 трлн долларға дейін артады.

Әлемдегі барлық қаржы активтері бүгінгі таңда 11,35 трлн долларға бағаланып отыр. Баяндаманы дайындағандардың сөзіне қарағанда, даму қарқынын жоғалтпаса, ислам банкингінің жаһандық секторы әлемдегі негізгі нарықта 4,1 доллар пайдаға кенелуі мүмкін.

Дубайдағы саммитке 3 мыңнан аса адам қатысады. Олардың арасында көрнекті саясаткерлер, қаржы саласының білгірлері мен мамандары, шариғатты жетік білетін экономика сарапшылары болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!