Қазақстан үкіметі көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы бағдарламасын бекітті

Фотография - Қазақстан үкіметі көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы бағдарламасын бекітті

 Қазақстан үкіметі көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы бағдарламасының жобасын бекітті

303 0

 Қазақстан үкіметі көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы бағдарламасының жобасын бекітті.

 

«Бағдарлама аясында 2020 жылға дейін 30 мың шақырым автожолды, 8202 шақырым теміржол желісін жөндеу, сондай-ақ 100 пайызға теміржол бекеттері мен республикалық көлік инфрақұрылымының дамуына бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыру жоспарланған», - деді көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев үкіметке бағдарлама жобасын таныстыру барысында - деп хабарлады  newskaz.kz

 

«Бағдарламада өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету, транзиттік тасымалды 2020 жылға дейін екі есеге ұлғайту секілді негізгі бағыттар ескерілді. Бағдарлама жобасын әзірлеу Дүниежүзілік банкі сарапшыларының қолдауымен жүргізілді»,- деді министр.

 

Атап айтқанда, автокөлік жолдары торабын дамыту аясында 2020 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында республикалық маңызы бар 4,5 мың шақырым жолдар бірінші техникалық категорияға көшіріледі. Осы орайда жақсы жағдайдағы, сондай-ақ қанағатты күйдегі республикалық маңызы бар жолдар 89 пайызды құрамақ.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!