2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды

Фотография - 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді талқылап, оған келісімін берді.

225 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді талқылап, оған келісімін берді. Осыған орай, Парламент үш жылдық бюджетке арналған заңды қабылдады.

Бюджетті қалыптастыру әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2014-2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің базалық сценарийі мен әлемдік көрсеткіштерге негізделген. Атап айтқанда, 2014-2018 жылдары әлемдік экономиканың 2014 жылғы 3,8%-дан 2018 жылғы 4,3%-ға дейін баяу, алайда үдемелі өсуін болжайды. Мұнайдың бағасы, соңғы бес жылдағы орташа бағаны ескере отырып бағалау бойынша 90 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. Мыс бағаларынан басқа металл бағалары елеусіз өседі деп болжанады.

Бұдан бөлек, үш жылдық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша, экономиканың нақты өсімі 6-7 пайыз аралығында болжанады. Аталған кезеңдегі жылдық инфляция 6-8 пайыз дәлізінде ұсталады.

Жалпы, қабылданған бюджетке сәйкес, 2014 жылғы түсімдер 2013 жылғы бюджетке қарағанда 532 млрд. 312 млн. теңгеге өсіп, 5 трлн. 760 млрд. 700 млн. теңгені құрайды. Ал 2015 жылы - 6 трлн. 229 млрд. 600 млн, 2016 жылы 6 трлн. 873 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын болады. Шығыстарға келсек, 2014 жылы 6 трлн. 703 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын болады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы - 7 трлн. 207 млрд. 200 млн. теңгені, ал 2016 жылы 7 трлн. 836 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. Ал бюджат тапшылығы 2014 жылы 942,4 млрд. теңгені немесе ІЖӨ-ге 2,4 пайызды, ал 2015 жылы 977,7 млрд. теңгені, 2016 жылы 963,5 млрд. теңгені құрайтын болады.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар өңірлік мәселелерді шешу мақсатындағы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, білім саласында, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыруға шығыстар артады. Көлік саласында Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегін салуға қаражат сұралады. Бұдан басқа тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша қызметтер бағасын субсидиялауға қаржы қаралады. Нәтижесінде сенаторлар ұсынған жобаларды іске асыруға 2014 жылы - 51,3 млрд. теңге, 2015 жылы - 12 млрд. теңге, 2016 жылы 6,2 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінеді. Бұл ретте көрсетілген қаражат 2014 жылы Үкімет резерві көлемінен 18,3 млрд. теңгеге және үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстарды 20 млрд. теңгеге азайту есебінен және басқа да көздерден қарастырылады.

Мәжіліс Сенат ұсынған түзетулерге келісімін берді. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!