Қазан айында доллар мен еуроның сатылу көлемі едәуір өсті

Фотография - Қазан айында доллар мен еуроның сатылу көлемі едәуір өсті

деп хабарлайды «Студия Аналитические Решения» компаниясы.

234 0

Қазақстандықтар биылғы жылдың қазан айында рубльге қарағанда, еуро мен долларды көптеп сатып алуды жөн көрген. Осылайша, айырбастау орындарындағы доллар мен евроның сатылу көлемі едәуір өсті, деп хабарлайды «Студия Аналитические Решения» компаниясы.

Қазан айында америкалық валюта 301,5 миллиард теңгеге сатылса (өсім 22%), евро 35 миллиард теңгеге сатылды (өсім 46%). Бір ай ішінде доллар 1,07 теңгеге қымбаттап, 153,99 теңгені құрады. Евро бағамы 7,42 теңгеге өсіп, 209,98 теңге болды (Ұлттық Банктің орташа айлық бағамы бойынша), делінген хабарламада.

Рубльдің сатылу көлемі айтарлықтай белсенді болмады. Ресейлік валютаның айырбастау орындарындағы сатылуы 24 миллиард теңгені құрады. Айлық өсім бар болғаны - 7,4%. Рубльдің қазан айындағы орташа айлық бағамы 0,14 теңгеге өсіп, 4,8 теңге болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!