Қазақстан банктері бизнеске қатысты несие саясатын қатаңдатуы мүмкін

Фотография - Қазақстан банктері бизнеске қатысты несие саясатын қатаңдатуы мүмкін

Жыл соңына дейін Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несие саясаты күшейтілуі мүмкін, делінген ҚР Ұлттың банкінің «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» атты ЕДБ зерттеуінде.

242 0

Жыл соңына дейін Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несие саясаты күшейтілуі мүмкін, делінген ҚР Ұлттың банкінің «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» атты ЕДБ зерттеуінде.

Мәселен, банктердің 12%-ы 2013 жылдың 4 тоқсанында бизнес субъектілеріне қатысты кредит саясатын қатаңдатуды көздеп отыр, ал банктердің 88%-ы болса оны өзгеріссіз қалдырмақ,

«Шетелдің қатысуы бар жекелеген банктер, сондай-ақ қазақстандық капитал бар кейбір банктер көбірек ықпал етуі мүмкін, ал ірі банктердің бестігі кредит саясатын өзгеріссіз қалдыруды болжайды», деп көрсетілген шолуда.

Онда 2 тоқсанмен салыстырғанда соңғы кезеңде кредитке сұраныстың баяулауы байқалғандығы айтылған. Мәселен, корпоративтік сектор тарапынан кредиттерге сұраныстың өсуін атап өткен банктердің үлесі 59%-дан 56%-ға дейін азайды. Сұраныстың бәсеңдеуі аясында банктердің кредиттеу ниеті ағымдағы жылғы 3 тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда күшейе түскен (35%-дан 44%-ға дейін), бұл кредит саясатын жұмсартуда көрініс тапты: сауалнамаға қатысқандардың 9%-ы оның жеңілдетілгенін мәлімдесе, 91%-ы өзгеріссіз қалды деп отыр. Банктердің пікірінше, шағын және орта бизнесті кредиттеу деңгейінің жоғары болмауы ұзақ ресурстар жеткіліксіздігімен ғана емес, «Жол картасы 2020» кредиттеу бағдарламасының шеңберіндегі қаржыландырудың тоқтатыла тұруымен түсіндірдірілген. Алайда 2013 жылы 3 тоқсанда ҚҚК деректері бойынша қаржылық емес ұйымдарды кредиттеудің өсу қарқыны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға өсті.

Салалар бойынша үшінші тоқсанда сауда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп саласының кәсіпорындары ең көп кредиттелетін кәсіпорындар болып қала берді. Бұл ретте шағын және орта бизнес саласындағы саудамен және қызмет көрсетумен байланысты секторларды банктер неғұрлым болашағы бар салалар деп санайды.

Банк секторындағы проблемалық кредиттер үлесінің жоғары болуы, теңгенің ұзақ мерзімді өтімділігінің тапшылығы, компаниялардың ашық болмауы (қаржылық сауаттылықтың төмендігі, қаржылық есептіліктің ашық еместігі), сот жүйесінің жетілдірілмеуі – бизнесті кредиттеудің негізгі тежеуші факторлары болып қалып отыр деп санайды ҚР Ұлттық банкі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!