БТА банкі есептен шығарылған несиелерді актив есебіне ауыстыруды көздеп отыр

Фотография - БТА банкі есептен шығарылған несиелерді актив есебіне ауыстыруды көздеп отыр

Бұл тек техникалық өзгеріс несие портфеліне (нетто) әсері жоқ, деп хабарлайдыаталмыш банктің баспасөз қызметі.

105 0

ҚР Ұлттық банкінің талабына сейкес БТА банкі бұған дейін есептен шығарылған несиелерді теңгерімнен тыс есептен актив есебіне ауыстыруды көздеп отыр. Бұл тек техникалық өзгеріс несие портфеліне (нетто) әсері жоқ, деп хабарлайдыаталмыш банктің баспасөз қызметі.

Несиенің орын ауыстыруы банктің капиталы мен қазіргі қаржылық жағдайына әсер етпейді өйткені есептен шығарылған кредиттерге бұған дейін толық провизия жасалған, деп көрсетілген. Сонымен бірге, бұл өзгеріс несие көлемін (брутто) және балансты қалпына келтіретін несие сомасына қалыптастырылған провизияны бір мезетте артырады.

«Бұрын есептен шығарылған кредиттер банктің түйткілді портфеліне кіретін, ол бойынша активті қайтару үшін іс-шаралар жүргізілетін, оның ішінде Қазақстанда немесе шетелде де талап-арыздану жұмысы да бар. Банк активтің кері қайтарылуы есебінен және оны өндіру бойынша барлық мүмкіндік жасалған соң нәтижесіз қарызды есептен шығару түйіткілді портфель көлемі біртіндеп азайтады деп күтуде», - деп хабарлайды БТА банктің баспасөз қызметі.

Олардың мәліметі бойынша, 2013 жылдың 3 тоқсаны бойынша банк активтері былтырғы жыл соңындағы деңгейде 1 608 млрд теңге (10,5 млрд доллар) шамасында қалған. Активтер құрамының 39%-ы клиенттер кредиті. Кредит портфелі 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы мәліметпен салыстырғанда шамалы (2%-ға) төмендеп 633 млрд теңге (4 млрд доллар) болды. Міндеттеме 1 312 млрд теңге (8,5 млрд доллары). Баланстағы жеке капитал 296 млрд теңге (1,9 млрд доллар). Банктің осы кезеңдегі таза кірісі 24,1 млрд теңге (159 млн доллар), деп көрсетілген хабарламада.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!