«Рахат» фабрикасының президенті қызметінен кетпек

Фотография - «Рахат» фабрикасының президенті қызметінен кетпек

«Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко Lotte Confectionery оңтүстіккөрейлік компаниясы кондитер бұйымдарын өндірушінің 76% акциясын сатып алуына байланысты компаниядан кету туралы шешімге келген.

348 0

«Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко Lotte Confectionery оңтүстіккөрейлік компаниясы кондитер бұйымдарын өндірушінің 76% акциясын сатып алуына байланысты компаниядан кету туралы шешімге келген.

А.Попелюшконың компаниядан кетуі туралы шешімі кеше кезектен тыс өткен компания акционерлерінің жиналысы соңынан белгілі болды. Дәл сол күні «Рахат» акциясын сату туралы келісім жасалған.

Kase ақпаратына сәйкес, LOTTE Confectionery қазақстандық заңнамада қарастырылған мерзім мен шарттар негізінде компанияның миноритарлы акционерлеріне 24%-ға тең қалған акцияларын сатып алу туралы ұсыныс жасауға дайындалып отыр екен. Аталмыш мәміле жасасуда «Рахат» АҚ акционерлер тобын қадағалаушы жалғыз қаржылық косультант HSBC банкі болып табылады, ал Morgan Lewis заңгерлік фирмасы – олардың мәміле жасасудағы заңгерлік кеңесшісі. Samil PricewaterhouseCoopers (Южная Корея), Kim & Chang пен Dentons осы мәмілені жасасудағы LOTTE Confectionery компаниясының кеңесшілері болып отыр.

Атап өтерлігі, «Рахат» компаниясының акциялары 2013 жылдың 1 қазанында келесідей бөлінген болатын: BD Associates (UK) Limited – 29%, Анатолий Попелюшко – 25,79%, «Sweet City» ЖШС – 12,18%, Наталья Хильчук – 11,54%.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!