Еліміз шетелдік инвестиция тарту бойынша 19 орында

Фотография - Еліміз шетелдік инвестиция тарту бойынша 19 орында

Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша әлемде алғашқы жиырмалыққа кірді. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технолигиялар министрі Әсет Исекешов ведомстваның алғаш рет өткізіп отырған ең үздік инвесторларды марапаттау рәсімінде мәлім етті

571 0

Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша әлемде алғашқы жиырмалыққа кірді. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технолигиялар министрі Әсет Исекешов ведомстваның алғаш рет өткізіп отырған ең үздік инвесторларды марапаттау рәсімінде мәлім етті.

«Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша әлемде алғашқы жиырмалыққа енді. Елімізге 2005 жылдан бері 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығын есепке алғанда 172 млрд. доллар инвестиция тартылды. Ал, 2012 жылы тікелей шетелдік инвестиция көрсеткіші рекордын орнатты. Ол 28,8 млрд. долларды құрап, 2011 жылғы көрсеткішінен 8,9%-ға артты», - деді сөз басында Ә.Исекешов.

«Бүгінде шетелдік инвесторлардың күш салуының арқасында отандық кадрлардың біліктілігі артуда. Сондай-ақ, инвесторлар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда аса жоғары белсенділік танытып отыр. Келер жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығы өз мәресіне жетеді. Осы бағдарлама аясында көптеген ірі жобалар жүзеге асырылса, қазіргі таңда кейбіреулері толыққанды қуатына көшіп қана қоймай, өз өнімдерін экспортқа шығарып жатыр. 2015 жылдан бастап біз ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын іске қосуды жоспарлар отырмыз. Бағдарламаның екінші кезеңінде жаңа технологияларға бейімделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылған. Осыған орай, экономиканың басым салаларындағы жобаларға шетелдік инвесторларымыз әрі қарай да белсенді түрде қатысады деген сенімдемін», - деп Ә.Исекошов өз ойын қорытындылады.

Министрлік өңірлерде өндірісті кеңейтіп қана қоймай, жобаларына қайтадан инвестиция салып жатқан 8 компанияға осы саладағы белсенділіктері үшін құрмет көрсетті. Атап айтатын болсақ, олар Жамбыл облысында Мыңарал цемент зауытын салған франциялық Vicat Group, Астанада электровоздарды құрастыратын және Алматыда рельстерді жолға бұру тетігіне арналған электр жетектерін шығаратын кәсіпорынның құрылысын жүргізген Alstom компанияларын атап өтуге болады. Сондай-ақ, олардың қатарында Алматы облысында сүт зауытын салған Danone, ШҚО цемент шығаратын зауытты жаңғыртып, Маңғыстау өңірінде цемент шығаратын, Астана, Алматы және Ақтау қалаларында 4 бетон зауытын салған Heidelberg Cement компаниялары бар. Бұдан басқа үздіктер қатарынан Алматы және Атырау қалаларында құрылыс материалын шығаратын кәсіпорын салған Германияның Knauf, Шымкентте фармацевтика өндірісін кеңейткен польшалық Polpharma және Қостанайда Fortuner модельді автокөліктерді құрастыратын зауытты салған жапониялық Toyota Motor Corporation мен АҚШ-тың тепловоз жасауда көмектескен Electric компаниясы табылды. Бұл игілікті шара бұдан былай жыл сайын үздіксіз өткізіліп тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!