Путин Арменияға Кеден одағының "пайдасын" айтты

Фотография - Путин Арменияға Кеден одағының "пайдасын" айтты

Ресей президенті Владимир Путин кеше ресми сапармен Ереванға барып, Армения үкіметіне Кеден одағына кірген жағдайда келетін экономикалық пайда туралы айтты

237 0

Ресей президенті Владимир Путин кеше ресми сапармен Ереванға барып, Армения үкіметіне Кеден одағына кірген жағдайда келетін экономикалық пайда туралы айтты.

Армения президенті Серж Саргсянмен кездесуінде Путин Ресей Арменияға газды бір мың текше метрін 189 АҚШ долларына - Еуропа елдеріне сатылатын бағадан екі есеге жуық арзанға сататынын айтып, уәде берді.

Путин бұған қоса Арменияға экспортталатын Ресей мұнай өнімдеріне салынатын 35 пайыздық баж салығын жоюға да келісті. Мұнай өнімдеріне салынатын баж салығы Кеден одағына кірмейтін елдердің қарсылығына ұшыраған еді. Армян билігі осыдан соң Кеден одағына кіруге келісіп, ұсынылған сауда артықшылықтарын пайдалануды жөн көрген.

Кеше Ереванда мыңға тарта адам Арменияның Кеден одағына кіруіне, Путиннің сапарына қарсылық білдіріп, президент сарайына шерумен баруға әрекет жасады. Бірақ олардың жолын полиция бөгеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!