Азық-түлік бағасы 3,4%-ға қымбаттады

Фотография - Азық-түлік бағасы 3,4%-ға қымбаттады

2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 3,4%-ға өсті

131 0

2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 3,4%-ға өсті. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2013 жылғы қарашада 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға макарон өнімдеріне 6,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 4,7%, сүт өнімдеріне – 4,5%, кофе, шай және какаоға – 3,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 3,4%, ұнға – 3,1%-ға, алкогольді ішімдіктерге, кондитерлік өнімдерге – 3%-дан, нанға – 1,4%, май және тоң майға – 1,2%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 6,3%, қантқа – 2,6%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,6% құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4%, жылқы етіне – 3,9%, қой етіне – 2,8%, сиыр етіне – 2,5%, шошқа етіне – 2,4%-ға жоғарыласа, ал құс етіне – 0,3%-ға төмендеді. Айта кетейік, қымбатшылық Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында байқалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!