Қазақстанда кейбір шетелдік компаниялардың табысы салықтан босатылған

Фотография - Қазақстанда кейбір шетелдік компаниялардың табысы салықтан босатылған

857 қазақстандық салық төлеушіден бюджетке 690 млн теңгеден астам қаржы түсті.

134 0

857 қазақстандық салық төлеушіден бюджетке 690 млн теңгеден астам қаржы түсті. Көрсетілген қызметтер үшін олар шетелдік компаниялардың табыстарын төлеу кезінде халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін құжаттар негізінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімшарттардың қағидалары пайдаланған, деп хабарлайды Алматы қаласы Салық департаментінің баспасөз қызметі.

«Алматылық салықшылар 2011 жылға салық төлеушілер ұсынған салықтық есептілік формаларын жүйелі бақылау нәтижесінде шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасында алынған табыстарына салық салудан заңсыз босатылған 857 салық төлеушіні анықтады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бюджетке 857 салық төлеушіден қосымша 690 млн теңге түсті», - дейді Салық департаментіндегілер.

Олардың сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан Республикасында әлемнің 44 елімен «Қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу» туралы конвенция жасалған. Көрсетілген халықаралық келісімшарт елімізде табыстың жеке түрлері бойынша резиденттің салық төлеу мүмкіндігін қарастырады.

Халықаралық шарттың ережелерін заңсыз қолданып, бюджетке салық төлемеу немесе толық төлемеу жағдайында салық төлеуші ҚР заңдарына сәйкес жауапкершілік алады, делінген хабарламада.

 

bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!