Биыл Қазақстанға 8,3 мың асыл тұқымды ірі қара мал басы импортталды

Фотография - Биыл Қазақстанға 8,3 мың асыл тұқымды ірі қара мал басы импортталды

2013 жылы Қазақстанға асыл тұқымды ірі қара малдың 8,3 басы импортталды

307 0

2013 жылы Қазақстанға асыл тұқымды ірі қара малдың 8,3 басы импортталды.

«2013 жыл бойы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы саласында ірі қара малдың 8307 басы әкелінді. Бұл ретте «ҚазАгро» холдингі қаражаты есебінен 7694 мал басы сатып алынған, қалған 613 мал басы фермерлердің қаражаты есебінен сатып алынған.

Бұдан бөлек, 18,7 мың мал басын импорттауға өтінімдер мақұлданды, 4,4 мың мал басына өтінімдер қаралуда», - делінген баспасөз баянында - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сонымен қатар, төл өсімін арттыратын мал сатып алуға қатысты 11 айда аналық ірі қараның 48,5 мың басы және 2,7 мың асыл тұқымды бұқа сатып алынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!