Қазақстан өкілі Kazakhmys корпорациясының директорлар кеңесінен шықты

Фотография - Қазақстан өкілі Kazakhmys корпорациясының директорлар кеңесінен шықты

2013 жылдың 5 желтоқсанында Дәулет Ерғожин Kazakhmys корпорациясының директорлар кеңесінен шықты

153 0

2013 жылдың 5 желтоқсанында Дәулет Ерғожин Kazakhmys корпорациясының директорлар кеңесінен шықты.

Ерғожин мырза 2008 жылдан бері Атқарушы емес директор қызметін атқарып келді және бұған дейін Қазақмыстың 26 пайыз акциясын иеленген Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілі болған - деп хабарлады  newskaz.kz

"Таяуда ENRC акцияларын қайта сатып алу жөніндегі оферта аясында ҚР Үкіметі Компанияның акционерлер құрамынан шыққан еді, осыған байланысты Дәулет Ерғожин Топтың Директорлар Кеңесінің құрамынан шығып отыр",-деп атап көрсетілген хабарламада.

«Біз Ерғожин мырзаға бес жыл бойғы сүбелі үлесі үшін, әсіресе Қазақстанның минералды-шикізат саласын жете білетіндігі үшін алғысымызды айтамыз»,- деп мәлімдеді бұл мәселеге орай Қазақмыс ПЛС Директорлар Кеңесінің төрағасы  Саймон Хил.

Директорлар Кеңесінен Дәулет Ерғожин шыққаннан кейін Қазақмыс ПЛС Директорлар Кеңесінің құрамында тоғыз мүшесі қалады, олардың алтауы тәуелсіз директорлар.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!