Қашаған кен орнында мұнай өндіру тағы да тоқтатылды

Фотография - Қашаған кен орнында мұнай өндіру тағы да тоқтатылды

Атырау облысының Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтатылуына құбырдың жарылуы себеп болған.

145 0

Атырау облысының Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтатылуына құбырдың жарылуы себеп болған.

«Құбырдың бүлінген кейбір бөлігі Кембриджге (Ұлыбритания) жіберілді. Жүргізілген сараптамалар мұнайдың жылыстауына құбырдың сульфидтік байланыстың әсерінен жарылуы себеп болғандығын көрсетті. Зақымданудың мұндай мехнизмі қатты-сынғыш болаттың су болған кезде H2S жоғары шоғырлануы әсерінен оның жарылуына әкеп соғады. Қашаған кен орнындағы өнімнің құрамында H2S-тің мөлшері - әлемдегі ең жоғарысы.

Сонымен бірге құбыр шойынының техникалық талаптары, құрылыс тәсілдері мен салынуы су болған кезде H2S-тың жоғары құрамына сай арнайы жобаландырылып, аталған құбыр үшін жарамды деп бекітілді. Зерттеу зертханалық жағдайда жалғасып жатыр, яғни сарапшылар материал жүргізу арқылы мұнайдың кеміп қалуының себебін анықтау үшін құбырлардың қалай байланысқанын анықтап жатыр. Кейбір зерттеулерге бірнеше апта жұмсалуда, сол себепті, нақты соңғы есеп барлық зертхана зерттеулері аяқталған соң алынған нәтижелер негізінде жасалады», - деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Алайда 24 қыркүйек күні кен орнындағы өндіріс «Болашақ» зауытына Д аралынан жер үстіндегі құбыр арқылы баратын газдың кеміп қалғаны анықталғаннан кейін тоқтатылды. Құбырдың тоғысқан сәйкес жерлері ауыстырылды. Өндіріс қайта жаңғыртылды, алайда 9 қазан күні қайтадан газдың жылыстағаны анықталды. Кен өндіру орнындағы жұмыс тоқтатылып, ол жерде егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары басталды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!