Ресей рублі Қытайда айналымға енгізілді

Фотография - Ресей рублі Қытайда айналымға енгізілді

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Ресеймен шекаралас Суйфэньхэ қаласында Ресей рублі еркін айналымға енгізуге рұқсат етті.

188 0

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Ресеймен шекаралас Суйфэньхэ қаласында Ресей рублі еркін айналымға енгізуге рұқсат етті. Бұл туралы «Синьхуа» ақпараттық агенттігі хабар таратты.

Суйфэньхэ шетелдік валютаның юаньмен тең дәрежеде айналымға түскен Қытай аумағындағы алғашқы қала.ендігі жерде қала тұрғындары тауарлар мен қызметтерге рубльмен төлей алады және ресей ақшасын банктерде сақтай алады.

Қытай Халық банкінің қалалық бөлімшесіндегі мамандардың хабарлауынша, Суйфэньхэ қаласы юань-рубль валюталарын тең дәрежеде пайдаланудың тәжірибелік алаңына айналды. Алдағы уақытта Қытай ақшасы Ресей қалаларында да айналымға енуі мүмкін.

Суйфэньхэ қаласы Ресейдің Приморск өлкесімен шекарада орналасқан, онда 60 мыңға тарта адам өмір сүреді. Суйфэньхэ Ресейлік туристердің сүйікті демалатын орнына айналған. Оны былайғы жұрт – ресей-қытай саудасының астанасына балайды. Суйфэньхэ қаласында православ шіркеуі жұмыс істейді және жергілікті орыстарға орыс тіліндегі телеарналар хабар таратады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!