Оңтүстік Кореямен арадағы тауар айналымы 40 пайызға артты

Фотография - Оңтүстік Кореямен арадағы тауар айналымы 40 пайызға артты

 ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Оңтүстік Кореяға ресми сапары қарсаңында осы елдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бәкішев Primeminister.kz сайтына екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы әңгімелеп берді

350 0

 ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Оңтүстік Кореяға ресми сапары қарсаңында осы елдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бәкішев Primeminister.kz сайтына екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы әңгімелеп берді.

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестікті тереңдету кезеңінде тұр. Екі жақ та кең көлемді өзара іс-қимылды жандандырып отыр. 2011 жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2012 жылы 40%-ға артып, 1,257 млрд. АҚШ долларына жетті. 2013 жылдың тоғыз айында ол 1 млрд. АҚШ долларына артып, 2012 жылмен салыстырғанда 6%-дан аса артты»,-дейді Д.Бәкішев.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея экономикасына Қазақстанның инвестициясы 2,6 миллиард АҚШ долларынан асты. Біздің елімізде Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді - деп хабарлады  baq.kz

«Жоғарғы қосымша құнды технологиялық тауарлар бірлескен өндірісі біздің оңтүстік кореялық әріптестермен тығыз өзара іс-қимылымыздың жарқын көрінісі. Инвестициямен бірге Қазақстанға жаңа технологиялар, қазіргі заманға сай біліктілік деңгейі және өндіріске деген жаңа қарым-қатынас ере келді. Екі елде іскерлік әріптестікті одан әрі жандандыру үшін барлық мүмкіндіктер бар және бұл ұмтылысты ынталандыру қажет деп ойлаймын»,-дейді елші мырза.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!