Қазақстанда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыздардың тек 5%-ы жұмысқа орналастырылған- депутат

Фотография - Қазақстанда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыздардың тек 5%-ы жұмысқа орналастырылған- депутат

«Жұмыспен қамту- 2020» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған 3 жылдан бері  Қазақстанда бар болғаны жұмыссыздардың тек 5%-ы жұмысқа орналастырылған деп мәлімдеді парламент мәжілісінің (төменгі палата) депутаты Айтгүл Самақова

306 0

«Жұмыспен қамту- 2020» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған 3 жылдан бері  Қазақстанда бар болғаны жұмыссыздардың тек 5%-ы жұмысқа орналастырылған деп мәлімдеді парламент мәжілісінің (төменгі палата) депутаты Айтгүл Самақова.


«Шамамен 3 жыл бұрын үкiмет «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекiтiп, үкiмет оның сәттi орындалып жатқаны туралы әрдайым есеп берiп отырады. Дегенмен бағдарламаға қатысты соңғы ақпарат бiздiң көңiлiмiзден шықпайды. Елiмiзде бар болғаны 60 мың адам немесе жұмыссыздардың тек 5%-ы жұмысқа орналастырылған», - дедi депутат.

Мәжiлiс депутаты Мемлекет басшысының өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар үлесiнiң өткен кезеңмен салыстырғанда тек 1,2%-ға қысқарғанын айтып, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Өңiрлiк даму министрлiгiмен бiрлесе отыра бұл салада қалыптасқан жағдайды сараптап, тиiмдi шешiмдi табуды тапсырғанын еске салып өттi - деп хабарлады  newskaz.kz


«Бағдарламаға 170 млрд теңге көлемiнде қаржының бағытталып жатқанына қарамастан, тиiмдi шешiмдi үкiмет қарастырмады. Сонда бiр адамды жұмысқа орналастыру үшiн 3 млн теңге қаржы жұмсалды.  Оның үстiне 2014-2015 жылдары тағы 200 млрд қаржы бөлiнбек. Жұмыспен қамту бағдарламасының тиiмдiлiгi неге төмен деген сауал туындайды. Бағдарламаның басымдықтары дұрыс анықталмағаны ма, әлде қаржы мақсатсыз жұмсалып жатыр ма? », - деп қосты ол.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!