Бес мың теңгелік купюра 2012 жылдың үздік банкноты деп танылды

Фотография - Бес мың теңгелік купюра 2012 жылдың үздік банкноты деп танылды

Халықаралық банкнот қоғамдастығы 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған 100-ден астам жаңа банкноттың ішінен 2011 жылы шығарылған жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдады

404 0

Халықаралық банкнот қоғамдастығы 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған 100-ден астам жаңа банкноттың ішінен 2011 жылы шығарылған жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Лондонда салатанатты марапаттау рәсіміне қатысып,  мапаратқа ие болды деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.


«Халықаралық банкнот қоғамдастығы 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған 100-ден астам жаңа банкноттың ішінен 2011 жылы шығарылған жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол сияқты оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды»,-делінген хабарламада.


Халықаралық банкнот қоғамдастығы – бүкіл дүние жүзінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі, олар жыл сайын өздерінің www.theibns.org.сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотын таңдайды. Бұл коммерциялық емес білім беру ұйымының мақсаты – білім беру, ғылыми және тарихи аспектілерде бүкіл дүние жүзінен банкноттар мен қағаз ақшасын зерделеу. Қоғамдастық мүшелері 90-нан астам елдердің сарапшылары болып табылады. Бүгінгі күні қоғамдастықтың 2 000-нан астам мүшесі бар.

Марапаттың маңыздылығы жеңімпазды таңдаудың қандай да болмасын банкнотты алға шығаруға мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және ол дизайнның эстетикалық әсеріне, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғау тәсілдеріне негізделеді.

5 000 теңгелік банкнот 2011 жылғы 30 желтоқсанда шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!