Мұнай бағасы 5 есе төмендеуі мүмкін

Фотография - Мұнай бағасы 5 есе төмендеуі мүмкін

Әлемнің мұнай нарығында қара алтынның құны 5 есе арзандауы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша бұған Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы жанжал түрткі болуы бек мүмкін

249 0

Әлемнің мұнай нарығында қара алтынның құны 5 есе арзандауы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша бұған Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы жанжал түрткі болуы бек мүмкін.

Сарапшыларға сенетін болсақ, баррель үшін мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түседі. Әлемде бағаның мұншалықты төмендеуі 1990 жылдардың аяғында тіркелген. Жалпы, Иран мен Сауд Арабия мұнайды ең көп өндіретін елдер қатарында, осыған байланысты ОПЕК оларға 2014 жылы күніне 30 млн. баррель мұнай өндіруге рұқсат берді. Бұл өз кезегінде екі мемлекеттің қара алтынды табу қарқынын өсірмейді. Алайда, Иран ОПЕК-тің бұл шешімін өз құқығын шектеу деп бағалады. Сондай-ақ, мұнай өндірісін одан әрі қарқынды дамытып, тіпті нарықта оның бағасы баррель үшін 20 доллар болған жағдайда толығымен сұранысты қанағатттандыра аламын деп батыл мәлімдеме жасады. Енді әлем сарапшылары Иран мұнайдың бағасымен ойнауы мүмкін, тауар сұраныстан көп болған жағдайда оның құны да арзандайды деп отыр - деп хабарлады  baq.kz

Ал, Ресейдің мұнайгазөндірушілері Одағының жетекші сарапшысы Рустам Танкаев бұған үзілді-кесілді қарсы. Оның айтуынша, нарықтағы мұнайдың барель үшін өзіндік құны 80 долларға дейін жетсе, тұтынушылар ол үшін кем дегенде 100 долларға дейін төлейді. Мұндай жағдайда мұнайдың баррель үшін бағасы 90 доллардан еш төмен түспейді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!