«Самұрық-Қазына» қоры «Темірбанк» пен «Альянс банктегі» үлесін Болат Өтемұратовқа сататын болды

Фотография - «Самұрық-Қазына» қоры «Темірбанк» пен «Альянс банктегі» үлесін Болат Өтемұратовқа сататын болды

«Самұрық-Қазына» АҚ «Темірбанк» АҚ мен «Альянс банк» АҚ үлесін Болат Өтемұратовқа сатуға келісті, деп хабарлайды ұлттық қордың баспасөз қызметі.

274 0

«Самұрық-Қазына» АҚ «Темірбанк» АҚ мен «Альянс банк» АҚ үлесін Болат Өтемұратовқа сатуға келісті, деп хабарлайды ұлттық қордың баспасөз қызметі.

«Тараптар «Темір банктің» 79.88% жай және артықшылықты акцияларын және «Альянс банктің» 16 %-ын жай және артықшылықты акцияларын сатуға келісім берді. Келісім нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ «Альянс Банктің» 51 % жай және артықшылықты акциясын иеленеді. Екі келісім де ресми органдармен рәсімделіп, 2014 жылдың бірінші тоқсанында қуатталады деп күтілуде. Келісім алдында сатып алушы «Темірбанк» кредиторларымен, тәртіпке сай, келіссөздер жүргізбек», - делінеді хабарламада.

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың айтуынша, бірінші кезең Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, дағдарыс уақытында коммерциялық банктердің үлесінен шығу болып табылады. «Қордың дағдарыс кезінде коммерциялық банктерге көмек бергені қаржы нарығына оң әсер етті», - дейді ол.

«Екі банктің жұмысын жолға қою үшін осы келісім керек еді. «Темірбанкті» келісімнен кейін қабылдаймыз. Біздің мүмкіндігімізбен екі банкті де, Қор арқылы, инвесторлармен ақылдасып отырып, шешеміз деп ойлаймын», - деп атап өтті Болат Өтемұратов.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!