Биылғы жылдың он айында елімізде өндірілген мұнай былтырға қарағанда 4,5 пайызға артты

Фотография - Биылғы жылдың он айында елімізде өндірілген мұнай былтырға қарағанда 4,5 пайызға артты

Қазақстандағы мұнай өндірісі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 63,459 млн. тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық

139 0

Қазақстандағы мұнай өндірісі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 63,459 млн. тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің ай сайынғы есебінде хабарланған.

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, есепті кезеңде газ конденсатының өндірісі 11,182 млн. (-3,8%), табиғи газ -38,086 млрд. текше метр (+3,8%), көмір -107,737 млн. тонна (-1,6%) құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада бензин өндіру 2,453 млн. тоннаны құрады. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға аз. Тоқтала кететін жайт, есепті кезеңдегі газ өндірісі 4,658 млн. тонна (+8,9%), керосин -115,5 мың тонна (+41%), мазут -3,41 млн. тонна (-3,7%) құраған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!