Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві таяуда 100 млрд. долларға жетеді

Фотография - Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві таяуда 100 млрд. долларға жетеді

Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві таяуда 100 млрд. долларға жетеді. Бүгін ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді

168 0

Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві таяуда 100 млрд. долларға жетеді. Бүгін ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Құрметті қазақстандықтар! 1991 жылдың 16 желтоқсанында ұлттар шоқ жұлдызында жаңа жұлдыз - Қазақстан Республикасы жанды. Біз осы күні өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Біз ұлы борышымызды жүзеге асырдық - біздің тәуелсіздігіміздің ізашарлары болдық», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте Елбасы осыдан 22 жыл бұрын қазақ елі экономикасын өрлетуді тек қана армандай алатын болса, бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан орын алғандығын баса айтты.

«Қазақстанның халықаралық жиынтық резерві өсіп келеді. Оның көлемі таяу аралықта тарихи рекордқа 100 млрд. долларға жетеді»,- деді Н.Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!