Алматыда бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ көлемі 2 трл теңгеден асты

Фотография - Алматыда бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ көлемі 2 трл теңгеден асты

деп хабарлайды статистика департаменті.

219 0

2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда 2593,4 млрд теңгені құрады. Республиканың ЖІӨ-нің үлесінде қаладағы ЖӨӨ 18,3% болды. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі - 8,9%, қызмет көрсету – 91,1%-ға жетті, деп хабарлайды статистика департаменті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2013 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі (бағалауды есепке ала отырып) 416344,4 млн теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне қарағанда 103,5%-ды құрады.

2013 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 1214,2 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 5,4%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 561,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,9% артық, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 2,1%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 3,6%-ға кеміді.

«2013 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 650,9 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қарашадан 8,8%-ға кем. 2013 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 190987,1 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 8,7% кем. 2013 жылғы 2-ші тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 147,8 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 9,2% кем. Пайдалылық деңгейі 9,6% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 30,1% құрады», - деп атап өтті статистика департаментінде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!