2016 жылы АҚШ мұнай өндіруден рекорд орнатады

Фотография - 2016 жылы АҚШ мұнай өндіруден рекорд орнатады

Бұл туралы Американың Энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып Bloomberg агенттігі хабарлады.

296 0

 2016 жылы АҚШ мұнай өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізеді. Ақ үй 1970 жылы бекіткен межені америкалықтар алдағы екі жылда бағындырмақ. Бұл туралы Американың Энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып Bloomberg агенттігі хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, АҚШ-тағы қара алтынды өндіру мөлшері 2016 жылдан бастап күніне 800 мың баррельге өсе түспек. Сала мамандарының айтуынша, бұл мұнай бағасының төмендеуіне әкеледі. Егер 2012 жылы мұнайдың бір баррельінің құны 112 долларды құраған болса, 2017 жылы ол 92 доллорға дейін төмендейді. Нәтижесінде бензин бағасы арзандап, АҚШ-қа шеттен тасымалданатын мұнай қоры 12%-ға азаяды деп болжануда. Ал, бірер жыл бұрын ғана үкімет елдегі мұнай қорының тең жартысын өзге елден алдыратын.

Алайда, қазір Солтүстік Дакота мен Техас штаттарында мұнай өнімі сұраныстан артып тұр. Сондықтан, АҚШ артылған қара алтын қорын шет елге шығару жағын да қарастырып жатыр. 1970 жылы Ақ үй сырт елге шикі мұнай қорын тасымалдауға тыйым салғанымен, қазір бұл заңды өзгертуді көздеуде.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!