Импорттық сүтті ығыстыруға әлеуетіміз жеткілікті

Фотография - Импорттық сүтті ығыстыруға әлеуетіміз жеткілікті

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев 2013-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібінің өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын таныстырды

184 0

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев 2013-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібінің өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын таныстырды.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде өткен жылда 4,8 млн. тонна сүт өндірілсе, оның 85 пайызы жеке шаруа қожалықтарының үлесіне тиесілі екен.

Жалпы өндіріс көлеміндегі сүтті қайта өңдеу көрсеткіші 35 пайызды немесе 1,68 млн. тоннаны құрайды. Ал экспорт көлемі 22 мың тонна, ал импорт 903 мың тоннаны құраса, Қазақстанның ішкі тұтыну көлемі 2,5 млн. тонна екен - деп хабарлады  baq.kz

- Осы ішкі тұтынудағы 65 пайыз сүт отандық өндіріске тиесілі болса, 35 пайызы шеттен тасымалданады. Яғни, қайта өңдеу арқылы отандық өнім көлемін ұлғайта отырып, импортталатын сүтті ығыстыруға әлеуетіміз жеткілікті, - деді вице-министр.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!