Алматыда 2014 жылға арналған бюждет бекітілді

Фотография - Алматыда 2014 жылға арналған бюждет бекітілді

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен мәслихаттың бесінші шақырылымының 13-сессиясы өтті. Онда 2014-2016 жылдарға арналған қаланың үш жылдық бюджеті мақұлданды

421 0

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен мәслихаттың бесінші шақырылымының 13-сессиясы өтті. Онда 2014-2016 жылдарға арналған қаланың үш жылдық бюджеті мақұлданды, деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен Алматы қаласының бюджеті 373 млрд. 937 млн. теңге болып бекітілді. Алматы қаласының нақты бюджеті 303 млрд. 207 млн. теңгені құрады. Бюджет жобасы алдағы үш жылдық кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының базалық негізінде жасалды.

Әкім қала экономикасы мен салықтық түсімдердің өскенін атап өтті. Ол өз кезегінде Алматы бюджетін арттыруға мүмкіндік береді.

«2013 жылға біз бюджеттегі 235 млрд. теңгемен кірдік. Бір жыл көлемінде біз оны алты рет қарадық және жыл қорытындысы бойынша ол 357 млрд. 927 млн. теңгені құрады. 2014 жылды біз жақсы санмен бастаймыз - нақты болжанған бюджетті біз 303 млрд. теңгеге дейін ұлғайта алдық. Мұндай өсім бізде әлі болып көрген жоқ», - деді А.Есімов.

Сонымен бірге, қала басшысы қалаға жаңа жерлердің қосылып, индустриалды аймақтың құрылуымен мегаполистің экономикасы өсіп, жаңа жұмыс орындары пайда болып, оның бәрі қалалық қазынаға түсетін салықтың көбеюіне себеп болатынын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!