Ресейдің зергерлік бұйымдар нарығы 120 млрд. рубльге бағаланды

Фотография - Ресейдің зергерлік бұйымдар нарығы 120 млрд. рубльге бағаланды

Сарапшылар Ресейдің зергерлік бұйымдар нарығын 120 млрд. рубльге бағалады

180 0

Сарапшылар Ресейдің зергерлік бұйымдар нарығын 120 млрд. рубльге бағалады. Жыл сайын осы соммаға елде 80 тонна бағалы металдар мен қымбат тастар саудаланады, - деп ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Ресейдің Зергерлер одағының төрағасы Гагик Геворкянның есептеуінше, елдегі бағалы бұйымдардың импорты нарықтың 40% құрайды. Оның үстіне контрабанда мәселесінің ушығуына байланысты отандық тауар шетелдік өнімнен бірнеше есе қымбаттап кетеді, - деді Гагик Геворкян .

Өткен жылдың қазан айында үкімет Қаржы министрлігімен жасалған елдің «Зергерлік нарығын бақылап, алтын мен бағалы тастар айналымын қадағалайтын арнайы федералды қызметті құру» туралы заң жобасын қарайды деп хабарлаған. Ал, осы жылдың сәуір айында «Бағалы металлдар мен қымбат тастар»туралы жаң жобасына өзгертулер енгізіліп, Мемлекеттік Думаға жіберілді,- деп үкімет ақпарат таратты.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!