Ақтауда тұрғын үй қымбаттады

Фотография - Ақтауда тұрғын үй қымбаттады

Ақтауда желтоқсан айында тұрғын үйдің бір шаршы метрі 1 мың 895 долларға жетті. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 3,28%-ға, жыл басынан бері 14,1%-ға жоғары

160 0

КазРиэлт порталының зерттеу нәтижесі бойынша, Ақтауда желтоқсан айында тұрғын үйдің бір шаршы метрі 1 мың 895 долларға жетті. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 3,28%-ға, жыл басынан бері 14,1%-ға жоғары.

Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, Ақтауда бір жылда үйлер 13,85%-ға қымбаттаған. Ал, қайталама нарықта тұрғын үйдің бір шаршы метрі бір айда 1,67%-ға немесе 1 мың 837 долларға дейін көтерілген. 2013 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін дәл осы пәтерлер 10,6%-ға қымбаттапты. Бір жыл бұрын осы сегменттегі пәтерлердің құны 10,58%-ға төмен болатын.

Жалпы, Ақтау қаласы баспана бағасы бойынша Қазақстанда Алматы мен Астанадан кейін үшінші орында тұр. Алматыда тұрғын үйдің бір шаршы метрі 1 мың 965 доллар болса, Астанада ол 2 мың 25 доллар тұрады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!