Англияның орталық банкі пластик ақша басып таратпақшы

Фотография - Англияның орталық банкі пластик ақша басып таратпақшы

Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

215 0

Лондон қаласында орналасқан Англия орталық банкінің басқарушысы Марк Кани баспасөз мәслихатында жұртшылыққа Англия орталық банкі пластик ақша басып тарататынын ресми түрде жария етті. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

2016 жылы ең алдымен Черчилльдің бас суреті түсірілген 5 Англия фунт стерлингін пластиктен жасап тарататынын, онан соң, құны 10 фунт стерлинг келетін пластик ақшаны таратып бастайтындықтарын ашып айтты. Пластик ақша қазіргі қағаз ақшаға қарағанда кішірек болады әрі тұтынушылардың қалтасына немесе ақша қапшығына салып жүруіне қолайлы болады. Таныстыруға қарағанда, пластик ақша органикалық полимер ақша деп те аталады.

Бұл материялда жалған ақша жасаудан сақтану ерекшелігі бар. Оның үстіне таза, оңай тозбайды, су тисе де оңай бүлінбейді, бүктелсе де оңай қатпарланбайды. Байқап отырсақ, әлемде небір қызық бар.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!