Казкоммерцбанк БТА банкты сатып алу туралы келісті

Фотография - Казкоммерцбанк БТА банкты сатып алу туралы келісті

деп «Казкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

210 0

«Самұрық-Қазына» Қоры және Казкоммерцбанк пен Кеңес Ракишев құрамындағы инвесторлар консорциумы «БТА банкты» сатып алу туралы алдын-ала келісті, - деп «Казкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын-ала келісім бойынша Казкоммерцбанк және Кеңес Ракишев БТА банк акцияларының тең үлестерін сатып алады. Сонымен бірге, Қор банк капиталына миноритарлық қатысуын қалдыруды жобалайды. Мәміле құрылымы Казкоммерцбанк АҚ БТА банк АҚ-ң іс-әрекетіне бақылау жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Консорциумның БТА банк акцияларын сатып алуды аяқтағаннан кейін банктердің тұрақты және серпінді дамуы үшін мәміле жақтары Казкоммерцбанк пен БТА банк қосылу процедурасын бастауды көздеуде.

Ағымдағы шарттар мен шығарылған құнды қағаздар бойынша міндеттемелерді ескере отырып, мәмілені бітіріп, құжаттарға қол қою мен келіссөзді бітіру үшін мәміле жақтары керек корпоративтік рұқсаттарды, өкілетті органдардың рұқсаттарын және басқа да келісімдерді алуды ниеттеніп отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!