Ай сайын 400 млн. доллар қаржы төлем карточкалары арқылы беріледі

Фотография - Ай сайын 400 млн. доллар қаржы төлем карточкалары арқылы беріледі

Алматыда кеше Қазкоммерцбанк кәсіпкерлерге POS-терминалдарға қол жеткізудің оңтайлы жолын ұсынды.

255 0

Алматыда кеше Қазкоммерцбанк кәсіпкерлерге POS-терминалдарға қол жеткізудің оңтайлы жолын ұсынды.

Мобильдік miniPOS-терминалы төлем карталарын жаппай қабылдауда тиімді әрі үнемді болмақ. Банктің атқарушы директоры Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша, ол POS-терминалдардың тапшылығын жойып, бизнесте айналымы шағын кәсіпорындарға аса тиімді.

«Қазір елімізде айына банкоматтардан 3 миллиард доллар қолма-қол қаржы алынады. Ал қолма-қол ақшасыз 400 миллион доллардың төлемдері жасалады. Жыл сайын қолма-қол ақша алу 10-15 пайызға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 20-30 пайызға өсуде», - дейді Н. Жағыпаров.

MiniPOS мобилдік төлем терминалы төлем карталарын қабылдау мәселесін оңтайландырады. Мұндай өнімдер дамыған елдерде кең қолданылады. Қазіргі уақытта miniPOS арқылы төлемге әлемнің кез келген банкісі шығарған Visa және MasterCard төлем карталары қабылданады. Енді жақын арада қазақстандық бизнесмендер үшін American Express төлеп карталарын қабылдау мүмкіндігі туады. Онда төлем комиссиясы 2,6 пайызды құрайды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!